Азия ойындары: Семсерлесуден екінші «қола» бұйырды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Семсерлесуден ерлер құрамасы қола медальге ие болды. ҚазАқпарат бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Құрамында Артем Саркисян, Мұхамедәлі Рахманәли, Назарбай Саттархан және Жанат Нәбиев бар семсерлесуден ерлер құрамасы командалық бәсекеде өнер көрсетті. Олар жартылай финалда әлем үздіктерінің бірі саналатын Оңтүстік Кореямен кездесіп, нәтижесінде 41:45 есебімен жол берді. Солай, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

1/8 финал.
Қазақстан - Непал, 45:15

1/4 финал.
Қазақстан - Кувейт, 45:43

1/2 финал.
Қазақстан - Оңтүстік Корея, 41:45

Әзірге Қазақстан құрамасы семсерлесуден 2 қола жүлде жеңіп алды.