Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында слаломда ескек есуден Александр Куликов пен Екатерина Таранцева финалда сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Слаломда ескек есуден жартылай финал мәресіне жетті. Ұлттық құрама сапынан жекелей сында Александр Куликов пен Екатерина Таранцева ақтық сынға шықты.
Жартылай финалда Александр 102.79 ұпай жинап, өз тобында 5-ші; ал Екатерина Таранцева (116.76 балл) жинап, өз тобында 3-орын алды.
Айта кетсек, Екатерина 2022 жылы Азия чемпионатында топ жарған.
Ал Александр 2018 жылы Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған.
Еске салсақ, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (76 келі) финалға шықты.
Ал джиу-джитсудан Галина Дуванова финалда ойын көрсетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.