Азия ойындары: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші кездесуінде Оңтүстік Кореядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы үшінші кездесуінде Оңтүстік Кореяны 24:4 есебімен жеңді.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар Сингапурды 12:6 есебімен тізе бүктіріп, Қытайға 8:17 есебімен есе жіберді.
Үш турдан кейін олар 4 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Қытайдың - 6, Жапонияның - 4 ұпайы бар.
Енді ел құрамасы 29 қыркүйекте Таиланд, 30-қыркүйекте, 1- қазанда Өзбекстанмен кездеседі.
Еске салсақ, үш алтын жүлдеден кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 12-орыннан 9-орынға көтерілді.
Көш басында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония құрамалары келеді.