Азия ойындары: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді

Фото: Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші кездесуінде Таиландтан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасы төртінші кездесуінде Таиландты 13:8 есебімен жеңді.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяны 24:4, Сингапурды 12:6 есебімен тізе бүктіріп, Қытайға 8:17 есебімен есе жіберді.

Үш турдан кейін олар 6 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Жапонияның - 8, Қытайдың - 6 ұпайы бар.

Енді ел құрамасы 30-қыркүйекте Жапония, 1- қазанда Өзбекстанмен кездеседі.