Азия ойындары: Волейболдан ҚР әйелдер құрамасы екінші мәрте жеңіске жетті

Фото: Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші кездесуінде Гонконгтен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Жапония, Ауғанстан, Гонконг.

Бүгінгі кездесуде ел құрамасы Гонконгті 3:0 (25:13, 25:12, 25:15) есебімен жеңді.

Бұдан бұрын Ауғанстаннан 3:0 (25:4, 25:5, 25:3) есебімен басым түскен еді.

Енді олар 2 қазанда Жапониямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, топтық кезеңде алғашқы екі орын алған құрамалар жарыстың келесі сатысына жолдама алады.

Қазірге дейін ел құрамасы 2010 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған еді.

Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы сайыс 16-мәрте өткізіп жатыр. Қазірге дейін Қытай – сегіз. Жапония мен Оңтүстік Корея – екі мәртеден чемпион атанып үлгерді.

Еске салсақ, бүгін Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды.