Азия ойындарының бүгінгі нәтижесі: қазақстандық жас спортшылар 10 медаль жеңіп алды

Фото: Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың 24 қазан күнгі нәтижелері жарияланды, жерлестеріміз 10 медаль жеңіп алды.

Құраманың қоржынында – 2 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль бар.

Алтын медаль иегерлері:

– Велошоссе бойынша аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы үздік атанды. Ел намысын қорғаған Данил Третьяков, Кирилл Полышев, Ринат Ерік, Анель Ташбай, Ирина Ивановская және Валерия Кузнецова алтыннан алқа тақты.
– Айым Серікбаева таеквондодан (44 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды.

Күміс медаль иегерлері:
– Рамазан Айнегов триатлоннан (суперспринт, 27:11) екінші орынды иеленді.
– Виктория Мельникова жеңіл атлетикадан 1500 метрге жүгіруде (4:51.61) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қола медаль иегерлері:
– Глеб Клепинин – үш қарғып секіруден (14,38 м);
– Алия Азизова – пенчак силаттан (51–55 кг);
– Амир Серік – ММА (65 кг дейін);
– Дарын Мустафин – ММА (70 кг дейін);
– Гүлжайна Ахтанова – ММА (55 кг дейін);
– Буняд Бахрамқұлов – таеквондодан (48 кг дейін).

Бахрейнде өтіп жатқан Азия ойындары жас спортшылардың халықаралық деңгейдегі тәжірибесін шыңдап, ел құрамасының әлеуетін айқындай түсті.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте тұрақты түрде үздіктер қатарында келеді.

Айта кетейік, Қазақстандық жеңіл атлеттер Манамадағы Азия ойындарының финалында бақ сынайды.