Азия ойындары бизнес-білімдегі халықаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейтеді

АЛМАТЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 7 ақпанда «Қазіргі заманғы бизнестік білім беру - онжылдықтың қорытындысы» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтеді.

Ол Халықаралық бизнес академиясындағы 7-Қысқы Азия ойындарының құрметіне арналған International Partners Week апталығы аясында өтпек. Бұл шараны жоғары оқу орны Intellect Student Journal-мен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Мәжіліске Қазақстандағы жоғары оқу орындарының және бизнес-мектептердің жетекшілері, республикалалық сараптамалық басылымдардың өкілдері мен өзге де сарапшы мамандар қатыспақ.

Онда «Еуропадағы қазіргі заманғы бизнес-білім», «Чехиядағы бизнес-білім туралы», «Испаниядағы бизнес-білім беру туралы», «Қазақстандағы бизнес-білімді дамыту», «Қазақстандық бизнес-білімге жұмыс берушілердің көзқарасы» деген тақырыптарда арнайы баяндамалар жасалады деп жоспарланып отыр.