Азия ойындары: дзюдодан ел намысын қорғайтын ұлттық құрама анықталды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 24-27 қыркүйек аралығында мына спортшылар татамиге шығады.

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг),

Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг),

Данияр Шамшаев (-73 кг),

Абылайхан Жұманазар (-81 кг),

Дидар Хамза (-90 кг),

Нұрлыхан Шархан (-100 кг),

Ғалымжан Қырықбай ( 100 кг).


Әйелдер:

Әбиба Әбужақынова (-48 кг),

Ғалия Тынбаева (-52 кг),

Севара Нышанбаева (-57 кг),

Эсмигүл Куюлова (-63 кг),

Анастасия Маякова (-70 кг),

Аруна Жангелдина (-78 кг),

Кәмила Берліқаш ( 78 кг).


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия ойындарында шахматтан бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталғанын жазған болатынбыз.