Азия ойындары кезінде Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына 1766 автобус, 28 трамвай, 114 троллейбус қызмет көрсетеді

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 7-Қысқы Азия ойындары кезінде Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына 113 автобус, 11 троллейбус пен 2 трамвай бағытында 1776 автобус, 28 трамвай, 114 троллейбус қызмет көрсетеді.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, Райымбек даңғылы мен Жанкелдин, Гоголь, Қонаев көшелері шаршы аумағы тәртіп енгізу мақсатында қоғамдық көліктен босатылады.

Жалпы Азия ойындарын тамашалаушылар үшін спорт мерекесі күндері қосымша 6 бағыт ашылып отыр. Онда 78 автобус қызмет жасамақ. Муниципиалдық автобус паркінің автобустары Азия ойындарының қатысушыларын тасымалдауға тартылуда. Сондай-ақ 10 таксомотор тасымалдаушылары радиобайланыспен қамтамасыз етілген және бекітілген арнайы түс белгімен әрленген 500 автомобильмен қызмет көрсететін болады. Спорт жарыстары өтетін нысандарға қатынайтын арнайы бағыттық көліктерде жолақы қала ішінде - 70 теңге, ал «Саяхат» автобекетінен «Табаған» спорттық-сауықтыру кешеніне - 200 және Солдат сайындағы шаңғы-биатлон стадионына 350 теңге көлемінде болмақ.