Азия ойындары кезінде Алматыда тегін автобустар жүреді

АЛМАТЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат- /Ербол Азанбек/ - Азия ойындары кезінде Алматыда спорттық шаралар өтетін нысандар бағытында таңғы 8.00-ден кешкі 18.00 аралығында тегін автобустар жүреді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Автобустар "Саяхат" автобекетінен Табаған кешеніне, «Солдат сайы» шаңғы-биатлон стадионына, Алматы 1 вокзалынан, Балуан Шолақ сарайынан, «Атакент» іскерлік сауда-көрме орталығынан, «Қазақстан» қонақ үйінен "Медеу" мұз айдынына дейін жүреді.