АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында алауы тұтанған Азия ойындарына әйелдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлетші Маргарита Елисеева алтын медаль иеленді.
М.Елисеева жұлқа көтеру сынының бастапқы тапсырысында 82 келіні еркін көтерсе, одан кейінгі мүмкіндіктерінде 86, 87 келілік зілтемірді еркін бағындырып, бұл жаттығуда өзінің үздік екендігін дәлелдеген болатын.
Ал серпе көтеру сайысында 101, 107 келіні еркін еңсерген спортшымыз екі сайыстың қорытындысы бойынша 194 келіні бағындырып Азия ойындарының чемпионы атанды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.