Бұл туралы бүгін Спорт және туризм вице-министрі Талғат Ермегияев мәлім етті.
«Біз Азиаданың негізгі нысандарын ағымдағы жылы шілде айында тапсырамыз. Осыған орай таяу күндері қысқы ойындар нысандарының барлығы бойынша тестік жарыстардың тізбесі жасалады», деді өз сөзінде вице-министр.
Оның айтуынша, тестік жарыстар өткізуге дайындық шеңберінде спорттық федерациялармен, төрешілер бригадасымен, сондай-ақ жарыстың халықаралық менеджерлерімен тиянақты жұмыстар жүргізілмек.
Қаңтардың 15-інде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Азиаданың ұйымдастыру комитетінің отырысы өткенін айтқан вице-министрдің сөзіне қарағанда, алқалы жиында спорттық нысандардың құрылысын аяқтау және жөндеу мәселелері, алауды алып жүру, ойындардың ашылу және жабылу рәсімдері сияқты маңызды жайттар талқыланған.