АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарында cу добынан Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Азия ойындарында су добынан ойындар 25 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтеді.
Қазақстандық спортшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Қытай, Индонезия, Жапония, Таиланд.
Ел құрамасы 25 қыркүйекте Таиландпен шеберлік байқасса, 27 қыркүйекте Қытай, 29 қыркүйекте Индонезиямен кездеседі. Ал 3 қазанда Жапониямен ойнайды.
Одан кейін плей-офф, жартылай финал ойындары өткізіледі. Финал 7 қазанға белгіленген.
Қазірге дейін Оңтүстік Корея – 5, Қытай – 3, Жапония мен Үндістан , бір-бір мәртеден чемпион атанды.
Су добынан ҚР спортшылары биыл бесінші мәрте бақ сынайды. Қазірге дейінгі жоғары жетістігі – 1998 және 2014 жылдардағы алтыншы орын.
Еске салсақ, бұдан бұрын Азия ойындарында бақ сынайтын еліміздің дзюдодан ерлер құрамасы белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.