Өткен шілде айының 19-ы күні Астанадан бағыт алған автошеруге қатысушылар барлығы 9 мың шақырым жолды жүріп өтті.
«Жол оңай болған жоқ. Ресей арқылы қайтып келе жатқанымызда оның аумағындағы өрт пен қалың түтін біраз әбгерге салды. Дегенмен, Қазақстанда өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарын насихаттау міндетімізді абыроймен орындап келдік деп айта аламын», - деді автошеруге қатысушы Андрей Амелин.
А.Амелиннің сөзіне қарағанда, ашық бояулармен безендірілген көліктер Еуропа мен Ресейде жұртшылықтың назарын аудартты. «Еуропада тұрғындардың біразы біздің көйлегіміздегі «Астана» таңбасын көріп, оны бірден Альберто Контадормен байланыстырып жатты. Сондықтан, көпшілік танымалдылығына жету үшін бізге спортты көтеру қажет деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.
Шеру Азия ойындарына дайындық жөніндегі астаналық дирекция мен Азия ойындары Алау эстафетасы дирекциясының сондай-ақ, «Нұр Отан» ХДП мен «Sport Rasing Club» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.