«Біздің еліміз Азиада идеясын алға жылжытуда жаңа биік мақсаттарға жетеді және бұл бағытта алдыға қойған міндеттерді сәтті орындайды деп ойлаймын», деді Елбасы өз сөзінде.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Спорт және туризм министрі Темірхан Досмұханбетов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың қатысуымен өткен кеңес барысында Елбасына Азия ойындарына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.