АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда велоспорттан өтетін XVIII Азия ойындарында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Велоспорттан ұлттық құраманың бас бапкері Асан Базаевтың ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне берген мәліметіне сүйенсек, Азиадаға Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Евгений Гидич және Дмитрий Груздев барады.
Естеріңізге сала кетейік, XVIII Жазғы Азия ойындары Джакарта және Палембанг қалаларында 18 тамыздан 2 қыркүйек аралығында өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.