19:15, 10 Маусым 2009
Азия ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларды шетелдік мамандар дайындауда
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - VII Қысқы Азия ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларды шетелдік мамандар дайындауда.Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында «Спорт резерві және ұлттық командалар дирекциясы» РМКС-ның директоры Елсияр Қанағатов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, дайындық жұмыстары барысында шаңғы жарысы, шайбалы, допты хоккей және тағы басқа спорт түрлеріне ерекше басымдық берілуде. «Ал спорттың жеке түрлері бойынша қазақстандықтарды дайындау ісіне шетелдік мамандар тартылуда. Мәселен, коньки тебу, шаңғымен секіру, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы және биатлон бойынша Ресей мамандары шақырылса, шаңғы қоссайысына қатысатын қазақстандықтарды чех маманды дайындауда. Осының арқасында біз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, отандық жаттықтырушылардың кәсіби шеберлігін де шыңдамақпыз», - дейді Е.Қанағатов.