АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын бұрымды боксшыларымыздың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан бокс федерациясы хабарлағандай, Сарықұрлық додасында ел намысын әйелдер арасында алты боксшы қорғамақ.
Атап айтсақ, ұлттық құрама сапында жарысқа Назым Қызайбай (51 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзова (75 кг) қатысады.
Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстанның туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая көтеріп шығады.
Азия ойындарында 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.