Олар - Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Евгений Гидич және Дмитрий Груздев.
Құрлықтағы кешенді сынға баратындар ел чемпионатынан кейін белгілі болды. Алматыдағы Қазақстан біріншілігінің соңғы күні ерлер арасындағы топтық жарыс өтті. 174 шақырымдық элиталық сында Алексей Луценко жеңіске жетті. Никита Стальнов екінші келсе, Артем Захаров үздік үштікті түйіндеді.