қаланың LED-экрандарынан да көруге болады.
Көше көрсетілімдерін ұйымдастыруға мұрындық болған - Алматы қаласының мәдениет басқармасы.
Қала көшелеріне алты LED-экран қойылатын болады. Атап айтқанда, Арбатқа, Абай және Байтұрсынов көшелерінің қиылысына, «Атакент» орталығының алдына, «Мега» сауда орталығының жанына, сонымен қатар «Астана» алаңына және Халықаралық трамплин кешеніне үлкен экрандар орнатылады.
Естеріңізге сала кетсек, Азия ойындарының жабылу салтанаты 6 ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 17.00-де басталады.