Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошылар Динара Куджулова мен Бауыржан Арыстанбеков қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Динара Куджулова парадзюдодан J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Динара қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Мухаррамкон Абдулсаматованы 11:0 есебімен тізе бүктірді.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Бауыржан J1 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақта индонезиялық Фаджар Памбудиден басым түсіп, тағы бір қоланы қоржынға салды.
Сонымен қатар отандасымыз Даяна Федосова J2 санаты бойынша 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Ақмарал Науатбектің Азиада чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).