«Азия елдерінің парламентаралық кездесуі ең алғаш рет 2003 жылы өткен болатын. Сол кездесудiң қорытындысы бойынша, ғылым, технология және инновация мәселелерiне арналған сұрақтарды парламентаралық кездесулерде талқылаған жөн болады деп айтылды. Әрине, ғылым әр мемлекетте әрқилы дамиды, бiрақ ғылым жалпы өмiрге тiкелей қатысты дүние болғаннан кейiн жаһандану заманында унификация мәселелерiне зор мән берген жөн», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Азия парламентаралық форумы өтетін хабарлай отырып, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев.
Мәжіліс депутаты хабарлағандай, форум барысында 7 сессия өтеді. Форумға 25 елдiң Парламент өкiлдерi мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымның мүшелерi қатыспақ. Форумның мақсаты - ұлттық инновация жүйесiн нығайту, ғылыми-техникалық даму үшiн жүйелiк мотивация тетiктерiн қосу.