Азия табиғи апат алдында: Қытай, Үндістан, КХДР су астына кетті

None
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Азияның оңтүстік-шығысында толастамай жауған жаңбырлар қатарынан бірнеше елді су астында қалдырды.

Мәселе Қытай, Үндістан, Филиппин, және Солтүстік Корея туралы болып отыр.

Аса ауыр жағдай КХДР-да қалыптасып отыр. Онда соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың саны 170-тен асып жығылды. Тағы 400 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Тағы 80 мың адам өздерінің үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды немесе олар баспанасыз қалды. Бұл туралы КХДР-дың Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

Жауындар сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдардың егістік алқаптарын жоюда. Шетелдік мамандар ауа райы жағдайы елдің азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне кері әсер етіп, тіпті аштықты тудыруы мүмкіндігін атап өтуде.

Үндістанда табиғи апат елдің солтүсігіндегі Уттараханд штатына анағұрлым зардабын тигізді. Онда су басу мен селдің салдарынан 7 адам мерт болды, тағы 37 адам із-түзсіз жолғалғандардың қатарында. Су басудың себебі 2 тамыздан бері тоқтамай жауып жатқан нөсерлі жаңбырлар болды. Жергілікті өзендер арналарынан тасуда.

Бұл провинцияда көрікті жерлер өте көп, сәйкесінше - туристер мен діндарлар да. Олар саяхаттарын тоқтатуға мәжбүр. Су басу транспорттық хаосқа алып келді. Жергілікті биліктің мәлім етуінше, су тасқындары бірнеше қонақ үйді, сондай-ақ жүздеген тұрғын үйді шайып кетті.

Тағы 8 адам табиғи апаттан зардап шеккен Қытайда ажал құшты. 1 млн.-ға жуық қытайлық өздерінің үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды.