2016 жылғы велосипед маусымында Қазақстанда «Азия тур» (Asia Tour) жарысының күнтізбесіне енген бес веложарыс өтеді, деп хабарлайды sports.kz.
Атап айтқанда: 25.08.2016 - «Өскемен туры» (Tour of Oskemen), 1.2; 29.08.2016 - «Бурабай туры» (Tour of Burabay), 1.2; 12.09.2016 - «Байқоңыр туры» (Tour of Baikonyr), 1.2; 01.10.2016 - «Қапшағай туры» (Tour of Kapshagay), 1.1; 02.10.2016 - «Алматы туры» (Tour of Almaty), 1.1.
«Азия турдың» 1.1 санаттағы веложарыстарында - «Қапшағай туры» мен «Алматы туры» жарыстарында Әлемдік тур (WorldTeams) командалары қатыса алады, бірақ олардың саны жалпы қатысушылар, кәсіби құрлықтық командалар, құрлықтық командалар мен ұлттық құрамалар санынан 50%-дан артық аспауы тиіс.
«Азия турдың» 1.2 санаттағы веложарыстарында - «Өскемен туры», «Бурабай туры», «Байқоңыр туры» жарыстарына кәсіби құрлықтық командалар, құрлықтық командалар мен ұлттық құрамалар, аймақтық командалар мен клубтардың велошабандоздары қатыса алады.