АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкокте жеңіл атлетикадан өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде үш отандасымыз ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, бірінші жарыс күнінде қазақстандық үш жеңіл атлет жолдама иегері атанды. Олар - 16 жастағы Ефим Тарасов (400 м), Анастасия Глухарева (үш қарғып секіру) және 15 жастағы Александра Залюбовская (400 м).
Ефим Тарасов бес жолдама таратылған жарыста мәреге екінші болып жетіп, алғашқы лицензияны жеңіп алды. Ал қыздарымыз тоғыз спорт түрі бойынша сынға түскенімен, жолдаманы Залюбовская мен Глухарева иеленді.
Лицензиялық жарыс бүгін жалғасын табады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.