Барлық саланы қамтиын өңірлік экономикалық серіктестік құрамына Австралия, Брунея, Камбоджа, Қытай, Жапония, Лаос, Жаңа Зеландия, Сингапур, Тайланд пен Вьетнам кіреді. Ал 1 ақпаннан бастап, оған Оңтүстік Корея да қосылады. Мьянма, Филиппин, Индонезия және Малайзия сияқты елдерге оны ратификациялау керек.
«Аталған келісімнің күшіне енуі Сингапур мен келісімге қатысушы елдердің сауда және іскерлік байланыстарына серпін береді»,-деді бейсенбі күні Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрі Ган Ким Ён.
Мәлімдемеде оңтайландырылған талаптарға сәйкес, өңірдегі кәсіпорындарға жақсы жеңілдіктер жасалатыны айтылған.