Астана күні мерекесі қарсаңында жыл сайын өтетін «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі дәстүрге айналды. Көпұлтты цирктің көркемдігі мен ерекше көрінісін биыл Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия мен Қазақстан әртістері көрсетеді.
Фестиваль бағдарламасына Моңғолияның епті де өнерлі қыздары, Қытайдың бірегей әуе гимнастары, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның қайталанбас әрі жарқын цирк көріністері енгізілген. Сондай-ақ үйретілген аю, пони, лама, маймыл, жолбарыс, көңілді сайқымазақтар мен басқа да қызықтар күтуде.
Әлемнің ең үлкен цирк қойылымының бірі 1-8 шілде аралығы сағат 16.00-де Астаналық цирк ғимаратының манежінде өтеді. Онда бүкіләлемдік фестивальдің жүлдегерлері мен лауреаттары, майталман шеберлер, цирк әулетінің ұрпақтары қарсы қатысады.
Биыл «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фествиалі 5 жылдық мерейтойын атап өтеді.