Азияда безгек індеті таралуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зерттеушілер оңтүстік-шығыс Азия аймағында дәріге бой бермей тұрған безгек індеті таралып отырғанын ескертеді, деп хабарлады Би-би-си.

Камбоджаның, Бирманың (Мьянма), Таиландтың және Вьетнамның бірқатар аудандарында мыңнан астам пациенттерді тестілеу барысында бұл күндері безгекке қарсы ең тиімді дәрілердің бірі - артемизининге де бой бермей тұрған паразиттер анықталған.

Жыл сайын безгектен жүздеген мың адам көз жұмады, оның басым көпшілігі - Африкада.