Азияда ер азамат үш метрлік кобраға үйленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Шығыс Азияда аймағында жасөспірім адам сенгісіз батыл әрекетке барды. Ол улы жыланмен некеге отырды. Алайда, азамат бұл әрекетке жыланға ғашық болған соң барып отырған жоқ.

Жасөспірімнің марқұм болған қалыңдығы өзінің жанының кейіннен кобраға айналатынына қатты сенген екен, деп жазады kp.ru.

Жігіттің сөзінше, некеге отырған жылан оның қалыңдығына ұқсайды. Енді олар бар уақыттарын бірге өткізуде. Олар бірге теледидар көреді, түрлі ойындар ойнайды, тіпті спортзалға да бірге барады.

Жасөспірмінің достары мен таныстары улы жыланмен өмір сүрудің қауіпті екенін айтуда. Алайда, ол мұндай сөздерді естігісі де келмейді және ол қалыңдығының өзіне ешқандай да зиянын келтірмейтініне қатты сенеді.

Жігіттің қалыңдығы осыдан бес жыл бұрын өмірден өткен. Алайда, жасөспірім осы уақытқа дейін оны жан-тәнімен сүйіп келген. Ал, жылан оған жоғарыдан жіберілген белгі деген ойда ол.