«Азиялық нобель сыйлығы» 18 маусымда табысталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Азиялық нобель сыйлығы" - Тан тұңғыш рет сәрсенбі күні, 18 маусымда «тұрақты даму» номинациясында жеңімпаз атанған адамға табысталады, деп хабарлайды РИА Новости. Сыйақыны тайваньдық миллиардер Самуэль Инь тағайындады.

Нобель сыйлығының азиялық баламасын ұйымдастыруға 100 миллион доллар бөлінді. Қалған үш аталым бойынша жеңімпаздар маусымның 17-нен 21-і аралығында анықталмақ. Әр жеңімпазға ұйымдастырушылар 1,7 миллион доллардан бермек. Самуэль Иньнің сөзіне қарағанда, «азиялық нобель сыйлығы» Нобель сыйлығын қайталау емес. Аталған сыйлық 100 жыл бұрын тағайындалған еді. Ол кездегі проблемаларды 21 ғасырда адамзат тап болған мәселелермен салыстыруға келмейді.