Елеусін Сағындықов өз сөзінде, ұйымдастыру комитеті мен аймақтық эстафетаға дайындық жүргізу және оны өткізу жөніндегі облыстық штаб құрылғанын, жұмыс жоспарлары, эстафета бағыты нақтыланғанын атап көрсетті.
Азиада алауы 18 қаңтарда сағат 20.00-де чартерлік рейспен Ақтөбеге жеткізіледі. Ал келесі күні сағат 11.30-да облыстық әкімдіктің алдындағы алаңда Алау эстафетасы басталады.
Облыс әкімі өз сөзін түйіндей келе, осындай үлкен шараның өткізілуімен байланысты барша ақтөбеліктерге үлкен жауапкершілік пен міндет жүктеліп отырғанын еске салды және оларды Алау эстафетасын тойлауға белсенді атсалысуға шақырды.