деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының басты құжаттары мен ұстанымдары негізінде дайындалған декларацияда «Біз Азияның 40 мемлекетіндегі 78 партияның көшбасшылары Бас Ассамблеяның отырысына жиналдық. Біз өзара бірлескен түрде бейбітшілікті нығайтуға және Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалыптастырып, ондағы үдерістердің әралуандығын және экономикалық, ақпараттық жаһандануды қамтамасыз ету мақсатында осындай құжат қабылдап отырмыз», делінген құжатта.
Сонымен қатар, онда халықаралық конференцияның болашақ мақсат-міндеттеріне қатысты да көптеген мәселелер қамтылған.