Бұл жарыста Қазақстан намысын - отырып ойнайтын волейбол, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, жүзу, ату және үстел теннисінен 47 спортшы қорғады. Оның 32-сі ерлер, 15-і әйелдер.
12-17 қараша күндері болған XVI жазғы Азия ойындары өткен спорт нысандарында өткен бұл байрақты бәсекеде қазақстандықтар 21 спорт түрінің 6-уында ғана сынға түсті. Осыған қарамастан олар жалпыкомандалық есепте 40 елдің ішінен 23-орын алды. Онда үздік үштікке Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея құрамалары енді. Ел қоржынына түскен 2 күмісті бұл додада еркін әдіспен 50 метрге жүзуден Әнуар Ахметов пен 100 метрге брас әдісімен жүзуден Егор Буженко иеленді. Сондай-ақ олар еркін әдіспен 100 метрге жүзу кезінде қола жүлдегер атанды. Мұндай мәртебеге жеңіл атлеттерден Аманат Қалқаев пен Ислам Сәлімов және пауэрлифтингтен Қабира Асқарова да ие болды. Жалпы Гуандчжоудағы жазғы паралимпиада ойындарының жүлдегерлері 2012 жылы Лондонда өтетін паралимпиада ойындарының жолдамасын иеленді.
18:28, 20 Желтоқсан 2010
Азиялық жазғы паралимпиада ойындарында қазақстандықтар 6 спорт түрінде өнер көрсетті
АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін түнде 12-19 желтоқсанның күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азиялық жазғы паралимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасы мінген ұшақ Үрімшіден Алматыға келіп қонады.