Клубтың мәліметінше, Азиз Анарметов бұған дейін де бірнеше рет негізгі құраммен жұмыс істеген. Биылғы маусымда ол Екінші лигада өнер көрсететін жастар құрамасын жаттықтырды.
Бас бапкердің көмекшісі болып Ерлан Елеусінов тағайындалды. Ол бапкерлік қызметпен 2010 жылдан бері айналысып келеді және клубтың негізгі әрі жастар командаларында жұмыс істеу тәжірибесіне ие.
Қазіргі таңда Бірінші лига біріншілігінде 26 турдың 11-і өтті. «Тараз» 11 матчтан кейін 16 ұпаймен турнир кестесінің жетінші сатысында тұр. Команда бес жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, бес кездесуде жеңілген.
Жаңа тағайындаулар Руслан Есатов пен оның көмекшісі Александр Кучманың қызметтен кеткенінен кейін жүзеге асты. Руслан Есатов бас бапкер қызметінен өз өтініші бойынша кетсе, Александр Кучмамен еңбек шарты тараптардың өзара келісімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Айта кетейік, елімізде спорт мамандарын даярлау ісі жаңа деңгейге көтеріледі.