Азиз Анарметов «Тараз» жастар командасының бас бапкері атанды

Фото: "Тараз" футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM — Былтырғы футбол маусымының тең жартысында бас бапкер міндетін атқарған Азиз Анарметов Екінші лигада бақ сынайтын «Тараз» жастар командасының бас бапкері лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы «Тараз» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

1982 жылы дүниеге келген Азиз Абдрашитұлы Тараз қаласының тумасы.

Футболшы ретінде кәсіби мансабында «Тараз», «Қайсар», «Оқжетпес», «Лашын», «Қызылжар» командаларында ойнаған.

Ал 2021 жылы «Тараз» жастар командасының бас бапкері болып қызмет жасады.

Сондай-ақ, негізі команда бас бапкерінің ассистенті ретінде бірнеше жыл еңбек етті.

2025 жылдың шілде айында негізгі команданың бас бапкері міндетін атқарып, чемпионатта 11 матч өткізіп, оның 7-де жеңіске жетті. 

Бұдан бұрын Дінмұхамбет Сүлейменов «Тараз-Омега» футзал клубына бас бапкер болғанын жазғанбыз.