Азор аралдары маңында 4 мың машина тиелген кеме суға батып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Португалияның Азор аралдары маңында өртенген көліктердің ірі партиясы тиелген Фелисити Эйс атты кеме кеше суға батып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компания өкілі - кеме операторының айтуынша, Фелисити Эйсті су басу күтпеген жерден болған, кемедегі өрт бір аптадан астам уақытқа созылған.

Marine Trafficпорталының хабарлауынша, Германияның Эмден портынан 10 ақпанда шыққан кеменің соңғы баратын жері - Дэвисвилл порты (Род-Айленд, АҚШ). Атлант мұхитында Азор архипелагының бір бөлігі Файал аралы маңында кеме өртеніп бастады деп 16 ақпанда хабарланған. Португалия әскери-теңіз күштері 22 экипаж мүшесін сол күні эвакуациялады.

Азор аралындағы порт шенеуніктерінің Reuters агенттігіне айтуынша, өрт сөндірушілер жалынды Фелисити Эйстің сыртынан ғана өшіруге тырысқан. Өйткені жанармай цистерналарының жарылуы ықтималдығы батыл әрекетке баруға бөгет келтірді.

Айта кетсек, Felicity Ace бортында Porsche, Audi және Bentley сияқты брендтердің 4000-ға жуық көлігі тиелген.



Фото: Reuters