Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға ұнға 10,5 пайызға, макарон өнімдеріне - 8,6 пайызға, жемістер мен көкөністерге - 6,8 пайызға, кофе, шай және какаоға - 5,6 пайызға, тоқаш және ұн өнімдеріне - 5,4 пайызға өскен. Бұдан бөлек, баға балық және теңіз өнімдеріне - 5,2 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 4,8 пайызға, кондитерлік өнімдерге - 4,5 пайызға, сүт өнімдеріне - 3,6 пайызға, нанға - 2,5 пайызға, май және тоң майға - 0,7 пайызға артқан. Сонымен бір мезгілде, бағаның төмендеуі жармаларға 24,1 пайызға, ал қантқа - 0,2 пайызға байқалды.
Сондай-ақ, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 8,1 пайызды құрады. Шошқа етіне баға деңгейі 10,5 пайыз, қой етіне - 9,9 пайыз, жылқы етіне - 9,7 пайыз, сиыр етіне - 9,4 пайыз, құс етіне - 5,2 пайыз, шұжық өнімдеріне - 4,5 пайызға жоғары болған.