Басқарма басшысының сөзінше, өңірде әкімдікпен бірлесе отырып азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылуда.
«Сондықтан, жаппай тауарларды сатып алудың қажеті жоқ. Ал белгілі бір тауарлар жетіспеген жағдайда тұрақтандыру қоры тартылатын болады», дейді Ербол Оспанов.
Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдар бағаларды күнделікті бақылауда. Азық-түлік базарлары мен дүкендері («Small», «Жеке-Батыр») санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып қалыпты жағдайда жұмыс істейтінін еске саламыз.
Киім базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін, ал мейрамхана, асханалар 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, келушілер саны 50 адамнан аспауға тиісті.