Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 14 млрд теңге бөлінген. Алдыңғы жылдардағыдай, бағдарламаға қатысатын АШТӨ тізімін облыс әкімдіктері жанындағы Үйлестіру кеңесі бекітеді. Сондықтан бағдарламаның басты шарттарының бірі: АӨК субъектілерінің Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен жасасқан 2012 жылғы қаржыландыру және 2013-2015 жылдарға форвардтық астық сатып алу шарттары бойынша өз міндеттемелерін толық орындауы, сондай-ақ, «ҚазАгро» Холдинг» АҚ еншілес компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары алдында мерзімі өткен міндеттемелері болмауы тиіс.
Жоғарыда аталған қаржы 1 га егіс алқабына 6 000 теңге есебімен аграрийлердің көктемгі-жазғы жұмыстары мен астық жинау кнауқанын жүргізуге бағытталады. Астық өндірушілер астық жеткізіп беру арқылы жасасқан шарттар бойынша өз міндеттемелерін 2016 жылғы 1 қарашасына дейінгі мерзім ішінде орындауы тиіс.