«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің 2014 жылғы 10 қазандағы шешімімен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» басқарма төрағасының орынбасары Жалелиден Смағұловтың берген өтінішіне сәйкес, оның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Компанияның директорлар кеңесінің шешімімен оның орнына Сәбит Қашқымбаев «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды», делінген хабарламада.
Сәбит Бөгембайұлы Қашқымбаев Ақмола облысының Өндіріс кентінде 1970 жылы 26 маусымда дүниеге келген, мамандығы - заңгер. Азық-түлік келісім шарт корпорациясының басқарушы директоры; Астық ресурстарын басқару департаментінің директоры; Баку астық терминалы (Әзірбайжан, Баку қаласы) басқарма төрағасының орынбасары; «Астанаэнергосервис» АҚ директорының орынбасары; қант цемент-шифер зауыты (Қырғызстан, Бішкек қаласы) директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды.