Бұл туралы аталмыш компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
«2012 жылғы жаңа өнімді қабылдау бойынша бидайға толы элеваторларды босату үшін биылғы астық егін егетін облыстардың элеваторларынан еліміздің басқа да өңірлеріне қарай тасымалданатын болады. Астықты тасымалдау үшін қаражат Үкіметтің резервінен 2012 жылы бөлінетіні қарастырылады», - делінген баспасөз айғағында.
Естеріңізге сала кетейік, биыл тәуелсіздік жылдары ішінде рекордты астық орылып, қамбаға құйылған бидай салмағы 29 млн. тоннадан асқан болатын. Бұл шамамен 2 млрд. пұт астық.