Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте аталған корпорацияның басқарма төрағасы Бейбітхан Қабдырахманов мәлім етті.
«Ағымдағы жылы астық бағасы тоннасына 16 500 теңгеден төмен құлдырады. Қазір біз өзіміздің сатып алу бағамызды тағы да көтеруді жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, 3-інші сұрыпты астықтың тоннасының бағасы 20 мың, мүмкін 21 мың теңге болады», - деді ол.
Оның пайымынша, астық трейдерлері «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұсынған бағадан жоғары баға ұсынатын болады.
Сонымен қатар ол, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» тоннасы 18 мың теңгеден 100 мың тонна арпа сатып алатындығын мәлім етті.