Атап айтқанда, 9 сәуірдегі жағдай бойынша корпорацияға еліміздің шаруаларынан 1 600 өтінім келіп түссе, бұлардың барлығы 13 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.
«Оларды қарау барысында жалпы алғанда 1 570 өтінімді 12,4 млрд. теңгеге қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Олардың ішінде Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігі бойынша жалпы сомасы 11,5 млрд. теңгені құрайтын 1 430 өтінім мақұлданып отыр. Бұл ретте қаржыландыру сұралған егіс алаңының аумағы 1,9 млн. гектарды құрамақ», - делінген баспасөз баянында.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғанындай, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 17 млрд. 650 млн. теңге бөлінген. Бұл ретте бағдарлама бойынша ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер өздерінің міндеттемелерін ағымдағы 2015 жылдың 1 қарашасына дейін орындап, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қабылдау пункттеріне астықты жеткізулері тиіс.