ҚР Үкіметінің биылғы 27 мамырдағы қаулысына сәйкес, акционерлік қоғам акцияларының 100 пайызы республикалық меншікке өтеді.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (жүз) процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын» делінген ҚР Үкіметінің қаулысында.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік компаниясы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқын Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру қамтамасыз етілсін» делінген құжатта.