Р.Байнақов 1975 жылы 6 наурызда Ақтөбе облысында дүниеге келді. Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз және несиелеу департаменті Үкімет қарыздары мен мемлекеттік кепілдіктер басқармасы бөлімінің бас экономисі, басшысы қызметтерінен бастады.
2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» Акционерлік қоғамының басқарма мүшесі, басқарушы директоры қызметін атқарды.