Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен хабарланды.
Әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» биылғы жылдың қаңтар айынан бастап ұн тарту зауыттарына 275 мың тонна бидайды арзандатылған бағамен сатуды бастайды.
Сондай-ақ, еліміздің құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеммен қамтамасыз ету бойынша 235 мың тонна астық пен кебек жіберіледі.