АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Азық-түлік корпорациясы нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлерге 200 мың тонна астық жөнелтті.
Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков twitter-дегі парақшасына жазды.
«Тамыз айынан бастап Азық-түлік корпорациясы өңірлергегі 1 сұрыпты нан бағасын тұрақтандыру мақсатында тоннасын 28 мың теңгеден 200 мың тонна астық жөнелтті», - делінген хабарламада.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.