Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбеев мәлім етті.
«Жамбыл және Оңтүстік Қазақстандағы жағдайға тоқталсақ, осы өңірде 20,6 мың теңге көлемінде «Азық-түлік» корпорациясының 49 мың тонна астығы бар және олар нан бағасын тұрақтандыру үшін осы арзан астықты облыстардың диірмен кәсіпорындарына жеткізе бастады. Сонымен қатар, «Азық-түлік» корпорациясы оңтүстік өңірлерге тағы100 мың тоннаға жуық астықты жеткізуді жоспарлап отыр», - деді А.Күрішбаев.