Ең алдымен, бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарларына жасанды тапшылық және негізсіз көтеріңкі баға тәуекелі мүмкін болған жағдайларда, монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылу белгілері бойынша тергеп-тексерулерді бастауға құқылы.
Осылай, тергеп-тексеруді бастауға нарық субъектілерінің тарапынан мынадай бәсекелестік заңнамасын бұзу фактілері алып келуі мүмкін:
- монополиялық жоғары бағаны белгілеу;
- өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде сұранысқа ие тауарларды өндiру және өткізу бойынша негізсіз шектеулер енгізу;
- тауарды өнім айналымнан алып қою арқылы нарықта жасанды тапшылық жасау (үстем жағдайды теріс пайдалану);
Сондай-ақ мыналар бойынша нарық субъектілерінің келісулеріне және (немесе) келісілген әрекеттеріне тыйым салынады:
- тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа шарттарын белгiлеу және (немесе) қолдау;
- тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеу.
Мұндай іс-әрекеттерді жасау барлық монополиялық табысты тәркілеумен (ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы) 3%-дан 5%-ға дейін айналым айыппұлдарын салуға әкеп соғады.
Бұдан басқа, аталған бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 221-бабы) көзделген.
Осымен бір уақытта ТМРБҚК апта сайын Статистика комитетінің, «Қазагромаркетинг» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы ағымдағы бағалық жағдай талданады.
Сонымен, қазіргі уақытта тұтас республика бойынша қант бағасының өсуі байқалады. Орташа алғанда, республиканың өңірлерінде қант бағасы 10%-ға көтерілді. Мұндай көтерілу қантты көтерме саудада жеткізушілерде бағалардың өзгеруінен туындаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жалғыз өндіруші - қантты негізгі жеткізуші «Орта Азиялық қант корпорацияы» ЖШС-ның («ОАҚК» ЖШС) бағалары Бразилиядан әкелінетін және ақ қантты өндіру үшін қолданылатын негізгі импорттық шикізат - шикі құрақ қантқа бағаның өсуі себепті көтерілген. Шикі құрақ қанттың бағасы Нью-Юорк тауар биржасына байланысты болады. Сонымен, үстіміздегі жылғы мамырда биржада шикі қанттың 1 тоннасының құны 354 АҚШ долларын, маусымда - 477 АҚШ долларын (қымбаттау 35% құрады) құраған. Қанттың өзіндік құнында шикі қант құнының салыстырмалы салмағы және оны зауытқа дейін жеткізу шығындары 70 % құрайтынын есепке ала отырып, осы фактор қанттың өзіндік құнының көтерілуіне әсер етеді.
Қант жеткізушілері өзінің кәсіпкерлік қызметін бәсекелес ортада жүзеге асыратынына және мемлекет тарапынан бұл нарық реттелмейтініне қарамастан, нарық субъектілерінің қызметінде аталған бұзушылықтар болған кезде, ТМРБҚК монополияға қарсы ден қою шараларын қолданатын болады.
Қазіргі уақытта ТМРБҚК аумақтық департаменттері қантты көтерме және бөлшек саудада өткізушілердің әрекеттерін ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу мәніне талдауда.
Сонымен қатар, монополияға қарсы тергеуге жол бермеу үшін ескертілетін ықпал ету шараларын қолдану кезеңінде нарық субъектілерін өз қызметтерін объективті мән-жайларды есепке ала отырып, оның ішінде:
- өнім қалдықтарының (қорының) бар болуы;
- өнімді өндірудің өзіндік құнының немесе сатып алу құнының өзгермейтіндігі;
- өткізілетін өнімнің артуы өнімнің өзіндік құнының не өнімнің сатып алу құнының артуына пропорционалды болуына (мысалы, сатып алу не өзіндік құн бар болғаны 5%-ға ұлғайған кезде тауарды өткізу бағасының 20%-ға негізсіз ұлғаюы) қатысты негізді бағалық және сауда саясатын жүргізіп, қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға шақырамыз,-делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.