Азық-түліктің бұзылғандығын хабарлайтын тоңазытқыш ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung компаниясы Лас-Вегаста өтіп жатқан Consumer Electronics Show 2016 көрмесінде ерекше тоңазытқышты ұсынды, деп хабарлады www.24.kz.

Family Hub тоңазытқышы функциялары жағынан адамнан ешбір қалыспайды. Оның басты қызметі - ішінде тұрған азық-түлік пен тамақ өнімдерінің жарамдылығы немесе бұзылғандығын иесіне хабарлау. Сондай-ақ Family Hub іште тұрған қай тамақтың жуық арада таусылатынын айтып береді. Бұл ақпаратты ол өз иесінің смартфонына жібереді. Қажетті күйге келтірілген жағдайда, тоңазытқыш ғаламторда азық-түлікке тапсырыс та береді. «Ақылды тоңазытқыш» көптеген функцияларды үлкен экраны арқылы атқарады, деп жазады mixnews.lv.

Фото:https://www.mixnews.lv/